ТӘРТІП САҚШЫСЫ – ЕЛ ҚОРҒАНЫ

Қазақстан Республикасы Полициясының күніне арналған салтанатты жиындар жалғасуда.
Мемлекеттің айбыны, темірдей тәртіптің айдыны – ол, әрине, полиция. Бүгінде Жезқазған қаласының полиция басқармасында 200-ден астам қоғамдық тәртіптің сақшысы еңбек етеді. Сала қызметкерлерін Жезқазған қаласы әкімінің орынбасары Берік Әбен арнайы құттықтап, түрлі дәрежедегі марапаттарды табыс етті.
Салтанатты шара құқық қорғау органдары ардагерлеріне құрмет көрсетуден басталды. Сондай-ақ саптағы сала өкілдеріне Жезқазған қаласы әкімінің Алғыс хаттары берілді. Бұдан бөлек, үздіктерге- «Үздік полиция қызметкері» аталымы бойынша 200 000 теңгеден қаржылай сыйақы тапсырылды.
Мәртебе биігіне көтерілгендер мұндай марапаттар біздің жауапкершілік жүгімізді арттыра береді дейді! Мерекелік шара – мерекелік концертпен қорытындыланды.
Дереккөз: ULYTAU TV YouTube


