Жаңалықтар

«ТАУ МАРАФОНЫ – 2026»

«ТАУ МАРАФОНЫ – 2026»

«Тау марафоны – 2026!» Ұлытау ауданындағы Әулиетау баурайында – дәстүрге айналған «Тау марафоны» аймақтық жаяу жүгіру жарысы өтті...

Ұлытаудағы айрықша марафон биыл ұлытаулық қос қаламгер Баубек Бұлқышев пен Мұқан Иманжановтың 110 жылдығы мен ауданның құрылған күніне арналды. Бұқаралық спортты дамытуды көздеген шара аудан әкімі орынбасарының – жарысқа қатысушыларға сәттілік тілеген алғысөзімен ашылды...

Маңызы зор марафон алдында қатысушылар қаз-қатар тізіліп дене қыздыру жаттығуларын жасады. Жасы да, жасамысы да бір алаңға жиналған спорттық шара жыл сайын ауқымын кеңейтіп келеді.

Тау марафоны 15-17 жас аралығындағы жасөспірімдер үшін 5 шақырымды, осы жастағы қыздарға 4 шақырым қашықтықты құрады. Ал, 18–29, 30–39, 40–49 жас аралығы мен 50 жастан жоғары ер азаматтар 10 шақырымға, аталған жас санаттарындағы қыздар мен әйелдер 4 шақырымға жүгірді.

«(Өз санатым бойынша бірінші орынға ие болдым. Жалпы, жаяу жүгіру – адам денсаулығына өте пайдалы, Ал, таудың таза ауасында жүгіру тіптен ғажап сезім! Жарыс ұйымдастырушыларына айрықша алғысымды білдіремін!)»

— Камиль Салихов, марафон жеңімпазы

Жарыс қортындысында жас санаттары бойынша жеңімпаздар мен жүлдегерлерге дипломдар мен естелік сыйлықтар табыс етілді.

Аудан әкімдігі мен дене шынықтыру және спорт бөлімі Тау марафоны жарысын болашақта республикалық деңгейге көтеруді жоспарлауда.

Дереккөз: ULYTAU TV YouTube

Тақырыпқа қатысты