«ТАЗА АУЛА» ЖАЛПЫОБЛЫСТЫҚ СЕНБІЛІГІ ӨТТІ

Өңірде «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында «Таза аула» жалпыоблыстық сенбілігі өтті. Ауқымды шарағаоблыс тұрғындары, түрлі мекеме қызметкерлері мен жергілікті билік өкілдері белсене қатысып, елді мекендердің тазалығы мен көркеюіне өз үлестерін қосты.
Сенбілік аясында көшелер мен аулалар қоқыстан тазартылып қана қоймай, көгалдандыру жұмыстары қатар жүргізілді. Іс-шараға облыс әкімі Дастан Рыспеков қатысып, тұрғындармен бірге ағаш отырғызу жұмыстарына атсалысты. Жалпы 175 ұжымнан 3,5 мыңға жуық адам жұмылдырылып, 62 бірлік арнайы техника тартылды.
Сенбілік қорытындысы бойынша 228 қураған ағаш кесіліп, 5300-ден астам жасыл желек отырғызылды. Сонымен қатар, саябақтар мен қоғамдық орындар ретке келтіріліп, тұрғындарға жайлы орта қалыптастыру бағытында бірқатар жұмыстар атқарылды.
Айта кетейік, өңірде «Таза Қазақстан» акциясы аясындағы жұмыстар жүйелі түрде жалғасып келеді. Алдағы уақытта да көгалдандыру мен абаттандыру, сондай-ақ санитарлық тазалық шаралары жалғасын таппақ.
Дереккөз: ULYTAU TV YouTube


