«ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» АКЦИЯСЫ АЯСЫНДА ЖИЫН ӨТТІ

Жезқазған қаласының әкімі Қайрат Шайжановтың төрағалығымен «Таза Қазақстан» жалпыұлттық экологиялық акциясы аясында жиын ұйымдастырылып, қаланың санитарлық тазалығы мен абаттандыру мәселелері талқыланды. Кездесу барысында 28 наурыз күні өткен сенбіліктің қорытындысы қаралды. Қала әкімі атқарылған жұмыстардың көлемділігі мен қоса оның сапасына да айрықша назар аудару керектігін айтты.Шара барысында анықталған кемшіліктер талқыланып, жауапты мекемелер мен ұйымдарға нақты тапсырмалар жүктелді. Жиын соңында Қайрат Шайжанов қала тазалығы мен көркеюі - баршаға ортақ міндет екенін және барлық тапсырманың белгіленген мерзімде орындалуы тиіс екенін жеткізді.
Дереккөз: ULYTAU TV YouTube


