«ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» АКЦИЯСЫ АЯСЫНДАҒЫ ШТАБ ОТЫРЫСЫ

Президент бастамасымен жүзеге асырылып отырған «Таза Қазақстан» экологиялық акциясының Жезқазған қаласындағы орындалу барысы қала басшылығының бақылауында. Қала әкімі Қайрат Шайжановтың төрағалығымен штаб отырысы өтіп, жалпықалалық сенбіліктің нәтижелері жарияланды.
Өткен сенбіде өткізілген тазалық жұмыстарына 77 ұжым қатысып, 2000-ға жуық қала тұрғыны белсенділік көрсеткен. Дегенмен, қала әкімінің орынбасары кейбір мемлекеттік мекемелер сенбілікке қатыспағанын айтты.
Шаһар басшысы тұрғындардың тазалық мәдениетін қалыптастыру мақсатында тапсырмалар берді. Сондай-ақ, барлық мекеме және ұйымдардың жауапкершілігін арттыру үшін, сенбілікке қатыспаған мемлекеттік құрылымдарға арнайы ескерту жасалатынын да басып айтты.
Жезқазған қаласының әкімдігі тұрғындарды туған жердің тазалығына жауапкершілікпен қарауға, қоқысты дұрыс сұрыптауға және қаланы бірлесе таза ұстауға шақырады.
Дереккөз: ULYTAU TV YouTube


