Жаңалықтар

«ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АКЦИЯСЫ ЖАЛҒАСУДА

«ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АКЦИЯСЫ ЖАЛҒАСУДА

Сәтбаев қаласында «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында кезекті тазалық жұмыстары ұйымдастырылды. Шара барысында қала тұрғындары мен бірқатар ұйым өкілдері қоғамдық орындар мен автомобиль жолдары бойын қоқыстан тазартып, аумақтарды абаттандыруға үлес қосты.

Бұл жолы тазалық жұмыстары қаланың бірнеше аумағын қамтыды. «Қазақмыс корпорациясының» қызметкерлері №8, 9, 10, 11, 16 және 18 орамдарды тазалады. Ал мемлекеттік мекемелер мен кәсіпорын жұмысшылары Малшыбай ауылына апаратын жолдың бойын жинақтад. Шараға 500 адам қатысып, 19 техника жұмылдырылды. Оның ішінде 7 тиегіш пен 12 ауыр жүк көлігі бар. Жұмыс барысында 4 тонна қоқыс жиналып, полигонға шығарылды.

Сәтбаевта мұндай тазалық шаралары тұрақты түрде өткізіліп келеді. Бұл - қала аумағын таза ұстап, көшелер мен қоғамдық орындарды абаттандыруға бағытталған жұмыстардың бір бөлігі. Ұйымдастырушылар тұрғындарды қоршаған ортаға ұқыпты қарап, тазалықты сақтауға шақырады.

Дереккөз: ULYTAU TV YouTube

Тақырыпқа қатысты