«ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ АКЦИЯСЫ ЖАЛҒАСУДА

Өткен сенбіде «Таза Қазақстан» республикалық акциясы аясында аймақта кезекті сенбілік ұйымдастырылды. Экология шара - қоршаған ортаға деген құрметті арттырып, табиғатты аялау мен тұрғындарға тазалық мәдениетін насихаттау мақсатын көздеді.
Экологиялық акцияға аймақ бойынша 4500-ге жуық адам қатысты. Олар: мемлекеттік мекемелер, кәсіпорындар, қоғамдық ұйымдар, волонтерлік қозғалыстар мен жастар бірлестіктерінің өкілдері және өңірдің белсенді тұрғындары. Ал, жезқазғандықтар бұл күні – Кеңгір көлінің жағасын қоқыстан тазартты..
Тазалық жұмыстары барысында жиналған қоқыс қалдықтары – арнайы техникалармен қоқыс полигонына жеткізілді.Сенбілік қорытындысында тұтас облыс аумағында 520 тонна қоқыс жиналып, 131 гектар жер тазартылды.
Айдана Базарбайқызы, Айдос Өмірбекұлы «Ұлытау» телеарнасы
Дереккөз: ULYTAU TV YouTube


