Жаңалықтар

«ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» ТАЗА ЖОЛ

«ТАЗА ҚАЗАҚСТАН»   ТАЗА ЖОЛ

«Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында Жезқазған - Қарағанды бағытындағы республикалық маңызы бар автожолдың бойында ауқымды сенбілік ұйымдастырылды. Шараның басты мақсаты - табиғи аумақтардың экологиялық ахуалын жақсарту, рұқсат етілмеген қоқыс орындарын жою және қоғамның қоршаған ортаға жауапкершілікпен қарау мәдениетін қалыптастыру.

Тазалық акциясына Ұлытау облысы мен Жезқазған қаласының әкімдік қызметкерлері, облыстық басқармалар мен қалалық бөлімдердің өкілдері, коммуналдық қызмет мамандары және ерікті жастар, жалпы саны шамамен 400 ге жуық азамат белсене қатысты. Бірлескен жұмыс нәтижесінде жол бойындағы аумақтар қоқыстан тазартылып, абаттандыру бағытында ауқымды жұмыстар атқарылды.

Сенбілік жұмысына 6 бірлік арнайы техника жұмылдырылды. Нәтижесінде 7 гектар жер қоқыстан тазартылды.

«0122 перевод: Біз, «Ассамблея жастары» еріктілері, «Таза Қазақстан» экологиялық акциясына белсенді түрде қатысып келеміз. Тазалық ең алдымен әр адамның өзінен басталады. Сондықтан біз туған қаламыз бен өңіріміздің тазалығын сақтауға, қоршаған ортаға ұқыпты қарауға өз үлесімізді қосып жүрміз»

— Зумрат Шурыгина, ерікті

Мұндай экологиялық шаралар қоршаған ортаның тазалығын сақтауға ғана емес, елді мекендер мен жол бойындағы санитарлық жағдайды жақсартуға да серпін бермек.

Дереккөз: ULYTAU TV YouTube

Тақырыпқа қатысты