Жаңалықтар

ТАЗАЛЫҚ ЖҰМЫСТАРЫНА ЖАСТАР БЕЛСЕНЕ ҚАТЫСУДА

ТАЗАЛЫҚ ЖҰМЫСТАРЫНА ЖАСТАР БЕЛСЕНЕ ҚАТЫСУДА

Көктемнің келуімен өңірде – дәстүрлі «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы қарқын алуда. Бұл жолы ерікті жастар мен Тау-кен металлургиялық колледжінің студенттері облыс орталығындағы Алғашқы құрылысшылар алаңына тазалық жұмыстарын жүргізді...

Аймақта «Тазару күнімен» бастауын алған тазалық жұмыстары – «Таза Бейсенбі» акциясымен жалғасын тапты. Қала орталығындағы қоғамдық демалыс орнын жинастырған жастар мен олардың жетекшілері – негізгі мақсатымыз тазалық мәдениетін сақтау мен оны үлгі ету дейді...

Айта кетейік, қазір өңірде – тазалық жұмыстары мен абаттандыру және көгалдандыру шарасы бойынша жұмыстар жүргізілуде. Ал, 11 ші сәуірде жалпы облыстық ағаш отырғызу күні өтеді...

Дереккөз: ULYTAU TV YouTube

Тақырыпқа қатысты