Жаңалықтар

ТЕХНИКАЛЫҚ ЖӘНЕ КӘСІПТІК БІЛІМ БЕРУ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ КҮНІ

ТЕХНИКАЛЫҚ ЖӘНЕ КӘСІПТІК БІЛІМ БЕРУ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ КҮНІ

Жезқазған жоғары политехникалық колледжінде - Техникалық және кәсіптік білім беру қызметкерлерінің күніне арналған мерекелік шара өтті. Кәсіби мереке аясында сала ардагерлеріне құрмет көрсетіліп, үздік мамандар марапатталды.

Техникалық және кәсіптік білім беру жүйесінде оқытушылар, өндірістік оқыту шеберлері мен тәлімгерлердің еңбегі ерекше. Олар студенттерге теориялық білім беріп қана қоймай, таңдаған мамандығын тәжірибе жүзінде меңгеруге жол көрсетеді. Бүгінде өндірісті өлкеде - еңбек нарығына жаңа технологияларды меңгерген, кәсіби білімі терең, бәсекеге қабілетті мамандар қажет. Жұмысшы мамандарды даярлауда – кәсіптік оқыту жүйесі үлкен маңызға ие!

Мерекелік жиында сала ардагерлерінің еңбегі назардан тыс қалмады. Көп жылдық тәжірибесі бар ұстаздарға құрмет көрсетіліп, олардың кәсіби жолы кейінгі буынға үлгі екені айтылды. Сонымен қатар үздік қызметкерлерге арнайы марапаттар табысталды.

Шара барысында техникалық және кәсіптік білім беру жүйесінің бүгінгі жетістіктері мен алдағы міндеттері сөз болды. Қатысушыларға мерекелік концерттік бағдарлама ұсынылып, ұстаздар қауымына ізгі тілектер айтылды.

Дереккөз: ULYTAU TV YouTube

Тақырыпқа қатысты