«ТЕРГЕУШІ» РОМАНЫНЫҢ ТАНЫСТЫРЫЛЫМЫ

ІІ ші республикалық «Кеңгір керімсалы» фестивалі аясында – жерлес жазушы Арман Әлменбеттің «Тергеуші» романының таныстырылымы өтті. Кітапсүйер қауым арасында кеңінен танылған туынды атворымен жүздесу – Жезқазған қалалық орталықтандырылған кітапханада ұйымдастырылды...
«Тергеуші» - сюжет желісі детективтік бағытта өрбитін көркем шығарма! Өткен жылдың қорытындысында Президенттің жастарға арналған әдеби сыйлығына ие болған роман – әлеуметтік желіде де көп талқыланған туындылар қатарында. Кітапханадағы таныстырылымға өңірдің зиялы қауым өкілдері арнайы қатысты.
Таныстырылым барысында оқырмандар кітап авторында шығармаға байланысты түрлі сауалдарын қойып, еркін форматта пікір алмасты. «Кеңгір керімсалы» поэзия фестивалінің қонақтары да осы іс шараның басы қасынан табылды.
Арман Әлменбет – қаламгер ғана емес, кітап шығару ісінің де кәнігі маманы. Сол себепті, ол, кітабының сыртқы мұқабасынан бастап, дизайндық жұмыстарға дейін аса талғаммен қараған.
Туған жеріндегі әсерлі жүздесу үшін ағынан жарылып алғысын да айтты.
Аталған кітаптың таныстырылым кеші – «Кеңгір керімсалының» айшықты іс шараларының қатарынан болды.
Дереккөз: ULYTAU TV YouTube


