«ТІЛ ШЕБЕРІ» ОБЛЫСТЫҚ БАЙҚАУЫ

Қазақ, орыс және ағылшын тілдерін тереңірек меңгерген мемлекеттік қызметкерлер арасында өткен - «Тіл шебері» облыстық байқауы қорытындыланды.
Облыстық мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының қолдауымен, Тілдерді дамыту орталығы ұйымдастырған байқауға қатысуға 10 нан астам өтінім түскен. Негізгі мақсат: үш тілді жетік меңгерген мемлекеттік қызметкерлерді қолдау мен ынталандыру.
Байқау 3 кезеңнен тұрды. Атап айтар болсақ қатысушылар - «Үздік цифрлы контент», «Мемлекеттік тілді дамытуға қосқан үздік жоба» және «Тіл шебері» үш тілді меңгерудің себептері жөнінде эссе жазу арқылы сынға түсті. Қазылар алқасы үміткерлердің жұмысын саралап, мемлекет қызмет саласында тілді тұғыр етіп жүрген жандарға оң бағасын берді. Байқаудың бас жүлдесін - Ұлытау облысы Полиция Департаментінің инженер маманы Асылхан Қасымханов жеңіп алды. Барлық марапат иелері қаржылай сыйақы және алғыс хаттарымен марапатталды.
Байқау – жергілікті өнерпаздардың үш тілде шырқаған ән шашуымен түйінделді. Тіл саясатын жетілдіруге бағытталған ілкімді шаралар әрі қарай да жалғаса бермек.
Дереккөз: ULYTAU TV YouTube


