Жаңалықтар

ТОҒЫЗБАЙ ТӘЖБЕНОВТІ ЕСКЕ АЛУҒА АРНАЛҒАН БОКС ТУРНИРІ МӘРЕГЕ ЖЕТТІ

ТОҒЫЗБАЙ ТӘЖБЕНОВТІ ЕСКЕ АЛУҒА АРНАЛҒАН БОКС ТУРНИРІ МӘРЕГЕ ЖЕТТІ

Жезқазғанда қоғам қайраткері, өндіріс және кәсіподақ саласының майталманы, «Қазақмыс» корпорациясының әлеуметтік дамуына елеулі үлес қосқан Тоғызбай Тәжбеновті еске алуға арналған жасөспірімдер арасындағы республикалық бокс турнирі қорытындыланды. 2012-2013 жылы туған спортшылар бақ сынаған байрақты бәсекеге еліміздің 12 өңірінен 150-ге жуық былғары қолғап шебері қатысты. Дода 4 күнге созылды. Турнир қорытындысында үздік өнер көрсеткен спортшылар медальдармен, алғыс хаттармен және қаржылай сыйақылармен марапатталды.

«8922 1ШІ ЗВУКТАН: / перевод: Бас төреші ретінде боксшылардың деңгейін сырттай бақыладым. Жалпы жарысқа қатысушылар жақсы дайындықпен келген. Бұл жас санатындағы спортшылар-болашақ ересектер құрамасының резерві. Көптеген боксшылар техникалық шеберліктерінің жоғары екенін көрсетті. Жүлдегерлер мен чемпиондар алдағы уақытта үлкен спортта өз деңгейін көтеріп, Қазақстанның мерейін үстем етеді деп сенемін»

— Ерлан Ғазизов, бас төреші

«8924 3ШІ ЗВУКТАН: / Жарыс өте үлкен дәрежеде өтіп жатыр.Осы жарысқа мені Тұрсынбай Сержан бапкерім дайындады. Жарытан чемпион болдым Алланың қалауымен. Төрехан ағамыз сияқты болғым келеді.Қазақстанды ұтып,Азияны ұтып солай жүре бергім келеді»

— Айбатыр Достияр, I орын иегері (Ұлытау облысы)

Дереккөз: ULYTAU TV YouTube

Тақырыпқа қатысты