ТӨРТІНШІ БИЛІК ӨКІЛДЕРІМЕН ЖҮЗДЕСУ

Облыс әкімі Есет Байкен – өңірдегі Бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлерімен кездесіп, саладағы өзекті мәселелерді талқылады.
21 ғасыр – ақпарат ғасыры! Бұл орайда – журналистер қауымына артылар жүктің салмағы ауыр. Аймақтық және республикалық телеарналар мен газет тілшілері - жас облыстың ақпарат кеңістігін кеңейту мақсатында бірқатар ой пікірлерін ортаға салды. Өз кезегінде Есет Байкен төртінші билік өкілдерімен бірлесе жұмыс істеуге дайын екендігін жеткізді...
Ұлытау облысында 50 ге жуық бұқаралық ақпарат құралы бар. Жас облыстың құрылуымен – республикалық телеарна мен газеттердің филиалдары ашылған. Жүздесуге жиналғандар саладаға проблемаларды да тілге тиек етті...
Бұдан бөлек, Ресми БАҚ өкілдері – жергілікті билік тарапынан кез келген тақырыпта ақпараттың ашықтығы мен қолжетімділігін маңызды екендігін айтты.
Дереккөз: ULYTAU TV YouTube


