Жаңалықтар

ТӨРТІНШІ БИЛІК ТӨРГЕ ОЗДЫ

ТӨРТІНШІ БИЛІК ТӨРГЕ ОЗДЫ

Бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлері күніне арналған мерекелік іс шаралар жалғасуда. Бұл жолы мәртебелі мамандық иелеріне – Жезқазған қаласының әкімдігі арнайы құрмет көрсетті!..

Халықтың әл-ауқаты мен қоғам тынысынан хабар таратып, билік пен бұқара арасындағы алтын көпірді жалғап жүрген қалам мен камера ұстаған қауымды қала әкімінің орынбасары Берік Әбен құттықтап, салада жемісті еңбек етіп жүрген жандарға Құрмет грамотасы мен Алғыс хаттарын табыстады.

Қала әкімдігінің құрметіне бөленген сала өкілдері қатарында біздің телеарна қызметкерлері де бар. Олар еткен еңбек пен төккен тердің лайықты дәрежеде бағаланып жатқандығына ризашылықтарын білдірді.

Сондай-ақ бұл күні Арқа ақпаратының ардақты абызы Базарбай Әлеуханұлы атындағы сыйлық та өз иесін тапты. Қайраткер тұлғаның отбасы тағайындаған 100 мың теңге сыйақының біреуі «Ұлытау» телеарнасының бағдарамалар жөніндегі редакторы Бақытгүл Ақпароваға берілді. Бұдан бөлек, қала әкімдігі тарапынан ақпарат ұжымдарына 200 мың теңгелік сертификат табысталды.

Төртінші билік төрге озған тағылымды кеш – «Тез тап» интеллектуалды ойынымен түйінделді.

Дереккөз: ULYTAU TV YouTube

Тақырыпқа қатысты