ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАР БАСҚАРМАСЫ ЕСКЕРТЕДІ

Жезқазған қаласының Төтенше жағдайлар басқармасы өрт қауіпті кезеңінің алдын алу бағытындағы іс шараларды жалғастыруда. Бұл жолы төтеншеліктер қала іргесіндегі - «Здравница» саяжайына арнайы барып, жеке тұрғын үйлердегі өрт қауіпсіздігі талаптарының сақталуын қадағалап, жоспарға сай түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
Төтеншеліктердің тірлігіне тыным жоқ. Алдымен Жеке құрам сапқа тұрып, жетекшілерінен нұсқаулар алды. Кезекті рейд барысында басқарма қызметкерлері қала іргесінде орналасқан шағын саяжайларды аралып, ондағы жеке тұрғын үй иелеріне пешке от жағу кезіндегі қауіпсіздік талаптарын түсіндірді. Салаға жауапты мамандардың айтуынша, өткен жылы тіркелген өрт оқиғаларының дені саяжайларда тіркелген...
Жыл басында жеке тұрғын үйлерге улы газды дер сәтінде анықтайтын арнайы құрылғылар да орнатылған. Айта кетейік, мұндай рейдтерге «Аманат» партиясының «Жастар рухы» жастар қанатының мүшелері де белсенді қатысады.
Иә, Айтып келмейтін апаттың салдары сол уақытында қолға алынбаса, соңы қайғылы жағдайларға дейін алып келеді. Оның алдын алу үшін ең алдымен қарапайым өрт қауіпсіздігі ережелерін естен шығармағайсыздар дейді сала мамандары. Төтенше жағдайлар басқармасы ескертеді, ескертуді ескеру сіз бен біздің жеке жауапкершілігімізге байланысты.
Дереккөз: ULYTAU TV YouTube


