Жаңалықтар

ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАРДЫҢ АЛДЫН АЛУ БАСТЫ НАЗАРДА

ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАРДЫҢ АЛДЫН АЛУ БАСТЫ НАЗАРДА

Облыс әкімі Дастан Рыспековтің төрағалығымен төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі комиссияның кезекті жиыны өтті. Онда жаз мезгіліндегі өрт қауіпсіздігіне өңірдің дайындығы, суға шомылу маусымын оқыс оқиғасыз өткеру, балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету сынды бірқатар мәселелер күн тәртібіне шығарылды...

Жиында алдымен 2026 жылғы су тасқыны кезеңінің өту барысы қортындыланды. Күзгі ылғалдың төмендігі мен қардың аз түсуі және салаға жауапты мамандар тарапынан атқарылған алдын алу жұмыстары нәтижесінде қауіпті кезең қалыпты жағдайда өткерілген.

Облыс аумағында 6 шы сәуірден өрт қауіпті кезеңі басталды. «Қазгидромет» деректеріне сәйкес, Ұлытау облысы өрт қаупі орташа деңгейдегі аймақтар қатарында. Ал, дайындық жұмыстары жөнінде облыстық ТЖД бастығы Есен Байыров кеңінен баяндады...

-(Қазіргі таңда Төтенше жағдайлар департаментінің қарамағында 28 бірлік негізгі мақсаттағы техника, 7 бірлік арнайы техника, 41 бірлік қосалқы техника, 2 «Ермак» жоғары қысымды қондырғысы, 65 дана арқаға асылатын өрт сөндіргіш бар. 1288 адамнан тұратын 33 ерікті өртке қарсы құрылым құрылған.) Алдағы уақытта облыста мемлекеттік өртке қарсы қызмет бөлімшелері жоқ 2 елді мекенде өрт сөндіру бөлімшесін ашу жоспарлануда. Атап айтар болсақ, Жезқазған қаласына қарасты Малшыбай ауылы мен Жаңаарқа ауданындағы Ынтымақ ауылында. Аталған ретте аймақ басшысы өрт сөндіру бекеттерін жаңғырту мен төтенше жағдайлардың алдын алу мақсатында арнайы жол картасын әзірлеуді тапсырды.

Бұдан бөлек шомылу маусымында тұрғындардың тек рұқсат етілген аймақтарда суға түсуі мен балалардың қауіпсіздік мәселесі жөнінде де айтылды. Бұл бағытта судағы қауіпсіздік ережелерін сақтау бойынша бірқатар ақпараттық-профилактикалық түсіндірме жұмыстары жүргізілуде. Өкінішке қарай, өткен 2025 жылы суға шомылу маусымында өңірде екі қайғылы оқиға тіркелкен. Қауіпсіздік талаптарын бұзғаны үшін 23 азаматқа әкімшілік хаттама толтырылған

Дереккөз: ULYTAU TV YouTube

Тақырыпқа қатысты