«ЦИФРЛАНДЫРУ ЖӘНЕ ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТ» ФОРУМЫ

Облыс орталығында цифрлық даму мен жасанды интеллект саласының өзекті мәселелерін талқылауға арналған ауқымды форум өтті. «Цифрландыру және жасанды интеллект» тақырыбындағы шараны облыс әкімдігі, «Ауыл» партиясының облыстық филиалы, «Ауыл жастары» ұйымы және облыстық «Жастар қанаты» бірлесіп ұйымдастырды.
Шараға мемлекеттік органдардың өкілдері, партия мүшелері, IT саласының мамандары мен белсенді ауыл жастар қатысты. Басты мақсат - өңір жастарын цифрлық технологиялар мен жасанды интеллект саласына тарту, жаңа мамандықтарға бағдар беру, сондай-ақ киберқауіпсіздік пен цифрлық сауаттылықты арттыру.
Форум барысында спикерлер «Ауыл жастарының бүгіні және ертеңі», «ЖИ құралдары арқылы контент жасау», «Киберқауіпсіздік негіздері» және «Жастардың еңбек нарығындағы орны» тақырыптарында баяндама жасалып, қоғамдағы өзекті мәселелерді талқыланды. Сонымен қатар, сала мамандары жастарға болашақ мамандықты дұрыс таңдауға бағытталған практикалық кеңестерін де ұсынды.
Бағдарлама аясында интерактивті ойындар ұйымдастырылып, қатысушыларға естелік сыйлықтар табысталды. Сонымен қатар, белсенділік танытқан бірқатар жас арнайы марапаттарға ие болып, партиялық төсбелгілермен және алғыс хаттармен марапатталды.
«0210 1ші звуктан: / Жасанды интеллект туралы көп маңызды ақпараттарды білдім.Қазіргі біздің заманауи заман болғандықтан жасанды интеллектті көп қолданамыз.Өзіме деген маңызды деген ақпараттарды білдім.Алдағы уақытта тек қана осы бір форуммен тоқталмай,әрі қарай жастарға қызықты форумдар өткізсе өте жақсы болар еді»
— Ақниет Апек, «Ауыл жастары» ұйымының өкілі
«0307 5ші звуктан: / Бұл форум өте жоғарғы деңгейде өтуде. Осы игі бастаманы әрі қарай жүзеге асырып,жастарға мүмкіндік беріп жатқан ұйымдастырушыларға көп көп рахмет.Жасанды интеллект бұл қазіргі кезде өте керек. Яғни бұл күнделікті өмірде,сабақ оқуда,кез-келген нәрсеге қолданылады»
— Амина Заман, форумға қатысушы
Форумның хедлайнері ретінде танымал әнші, «Ауыл» партиясының мүшесі Мөлдір Әуелбекова арнайы қатысты.
Ұйымдастырушылар форумның маңыздылығына ерекше тоқталып, жастардың цифрлық білімін арттыруға бағытталған жұмыстар алдағы уақытта да жүйелі түрде жалғасын табатынын атап өтті.
Дереккөз: ULYTAU TV YouTube


