ТУҒАН КҮНІҢМЕН, ЖЕЗҚАЗҒАН!

Жайнай бер, жарқыра, Жезқазған! Арқа даласының мыс күмбезі атанған мысты шаһардың туған күнінде - Алаш алаңында эстрада жұлдыздарының қатысуымен гала концерт өтті.
1954 жылы қала мәртебесіне ие болған Жезқазған биыл 72 ші күзін қарсы алды. Алаш алаңындағы мерекелік кеш шаһардың бай тарихын, еңбек даңқын және бүгінгі дамуын бейнелейтін «Жұлдызы жанған Жезқазған» атты композициямен ашылды. Облыс орталығы тұрғындарын Қала күнімен өңір басшысы Есет Байкен арнайы құттықтады...
Бұл күні, Президент ұсынған «Таза Қазақстан» тұжырымдамасы аясында қала тұрғындары арасындағы «Үздік аула» байқауында үздік атанғандар марапат биігіне көтерілді. Ең үздік аула иелеріне – 1млн теңгенің сертификаты табысталды. Туған қаласының туған күніне жиналған жұртшылықтың көңіл күйлері көтеріңкі болды.
«(Қала күні ерекше өтіп жатыр. Көңіл күйіміз керемет, баршаңызды Жезқазғанның туған күнімен құттықтаймын! Қаламыз өсіп-өркендеп, дами берсін!!!)»
— Галина Ращаускена, қала тұрғыны
Сахнада қала күнінің құрметіне: Қайрат Баекенов, Мақсат Рақмет, Әділет Жауғашар сынды эстраданың жарқын өкілдері әннен шашу шашты. Ақ жарма лебіздерін жеткізді.
Алаш алаңын – ән мен күй тербеген кеш қала тұрғындары мен қонақтарына айрықша мәдени демалыс сыйлады. Туған күніңмен, Жезқазған!
Дереккөз: ULYTAU TV YouTube


