ТҮНГІ ҚАЛАДАҒЫ БАЛАЛАР

«Заң және тәртіп» қағидатын іске асыру аясында кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу - полиция жұмысының негізгі бағыттарының бірі. Әсіресе кешкі және түнгі уақытта жасөспірімдердің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге басымдық беріледі. Осы бағытта полиция қызметкерлері тұрақты профилактикалық рейдтер жүргізіп, балалардың түнгі уақытта қауіпсіз жүруін бақылауда ұстайды.
Рейд кезінде полиция қызметкерлері ойын-сауық орындары мен қоғамдық орындарды тексеріп, түнгі уақытта үлкендердің еріп жүруінсіз жүрген кәмелетке толмағандарды анықтайды. Жыл басынан бері облыста мұндай 1146 дерек анықталған. Әрбір факті бойынша ата-аналар немесе заңды өкілдер анықталып, заң талаптарына сәйкес тиісті шаралар қабылданды.
Полиция өкілдерінің айтуынша, мұндай профилактикалық шаралардың мақсаты - жазалау емес, ең алдымен балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, құқық бұзушылықтың алдын алу. Кәмелетке толмағандардың түнгі уақытта ересектердің қарауынсыз жүруі олардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндіріп қана қоймай, құқыққа қайшы әрекеттерге араласу қаупін де арттырады.
«0241 1ші звуктан: / Ағымдағы жылдың 7 ай қортындысы бойынша Ұлытау облысында ҚР әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің 132ші бабының 14 фактісі бұзылып отыр. Яғни кәмелет жасқа толмаған жастардың ойын сауық орындарында болуына жол берілуі. Ал ҚР әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің 442ші бабы бойынша облысымызда 1116 факті анықталып отыр. Яғни кәмелет жасқа толмаған жасөспірім балалардың түнгі уақытта үй жайдан тыс, ата-ананың немесе заңды өкілінің еруінсіз жүргені анықталып отыр»
— Ақбаян Кәрім, Жезқазған қалалық ПБ қоғамдық қауіпсіздік бөлімінің ювеналды полиция тобының учаскелік полиция инспекторы
Қолданыстағы заңнамаға сәйкес, кәмелетке толмағандардың сағат 22:00-ден 06:00-ге дейін ойын-сауық орындарында, ал 23:00-ден 06:00-ге дейін ата-анасының немесе заңды өкілінің еріп жүруінсіз үйден тыс жерде болуына жол берілмейді. Бұл талаптардың орындалуына ата-аналар мен заңды өкілдер жауапты. Полиция ата-аналарды балаларының бос уақытын қадағалап, қауіпсіздігін қамтамасыз етуге және заң талаптарын сақтауға шақырады.
Дереккөз: ULYTAU TV YouTube


