ТҰРҒЫН ҮЙЛЕРДЕ ӨРТ ЖАҒДАЙЛАРЫ ТІРКЕЛУДЕ

2025 жылдың 6 қазанынан бастап Ұлытау облысында жылыту маусымы басталғаны белгілі. Осы кезеңде Жезқазған қаласының Төтенше жағдайлар басқармасының қызметкерлері өрт қауіпсіздігін сақтау мақсатында профилактикалық жұмыстарды жүйелі түрде жүргізуде. Соған қарамастан, тұрғын үйлерде өрт жағдайлары әлі де орын алып отыр.
Төтенше жағдайлар қызметінің мамандары өрттің алдын алу мақсатында тұрғындармен профилактикалық жұмыстарды жалғастырып, үй-үйді аралау кезінде өрт қауіпсіздігі талаптары жөнінде кеңес беруде. Сонымен қатар пештер мен мұржалардың, электр желілерінің техникалық жай-күйі тұрақты бақылауға алынған. Жыл басынан бері 30-дан астам түтін және көмірқышқыл газын анықтайтын датчик орнатылса, өткен жылдары олардың жалпы саны 150-ге жеткізілген.
«0627 видеодан / 2025-2026 жылдардағы жылу беру кезеңінің басынан бастап Жезказған қаласының аумағында тұрғын үй секторында барлығы 11 өрт тіркелді. Көбінесе өрт объектілері жеке тұрғын үйлер болып табылады. Негізгі себептер-электр сымдары мен электр жабдықтарын орнату ережелерін бұзу, сондай-ақ отты колданудағы абайсыздық»
— Аян Ерсейітов, қалалық ТЖБ бастығының орынбасары
Мұндай оқиғалар айтарлықтай материалдық шығынға әкеліп қана қоймай, адам өмірі мен денсаулығына тікелей қауіп төндіреді. Осыған байланысты төтенше жағдайлар басқармасы тұрғындарды өрт қауіпсіздігі талаптарын қатаң сақтауға және жылыту құралдарын қараусыз қалдырмауға шақырады.
Айта кетейік, өңірде өрттің алдын алу бағытындағы профилактикалық жұмыстар жылыту маусымы аяқталғанға дейін жалғасатын болады.
Дереккөз: ULYTAU TV YouTube


