ТҰРҒЫНДАР ШАҒЫМЫ

Арнамыздың жедел желісіне облыс орталығындағы Гагарин көшесі 21, 23 ші үй тұрғындары өз шағымдарымен хабарласты. Мәселелерінің мән жайын зерделеп қайтқан тілші бейнематериалына кезек берелік...
Тұрғындар тарапынан туындап отырған негізгі мәселе: аулаішілік абаттандыру мен жол жиегіне орналастырып жатқан жиектастарға байланысты. Олардың айтуынша, жиектастар жекеменшік гараждарға тым жақын қойылуда және сәйкесінше көліктердің емін-еркін қозғалысы мен аулаға кіріп-шығуына кедергі келтіруде...
«( Дәл гараждардың алдына жиектас қою жөнінде шешімді кімдер, қалай қабылдады?.. Естуімізше, аулаішілік жолдарды жөндеу жұмыстары әлі бір айға дейін созылады. Демек, қолайсыздық жалғаса береді. Ең қызығы, ауламызда жасалып жатқан өзгерістер жөнінде тұрғындарға хабарланбаған. Мәселен, мен өткенде біршама уақыт бойы гараждан көлігімді шығара алмадым...)»
— Юлия Кардашева, Гагарин көшесінің тұрғыны
Тұрғындар шағымын қалалық әкімдіктегі салаға жауапты бөлім басшылығына жеткіздік. Ресми жауап мынандай...
Әкімдік қызметкерлері - тұрғындардың алаңдаушылығы уақытша екендігін жеткізді. Абаттандыру және жолдарды жөндеу жұмыстары аяқталғасын барлығы қалыпқа келмек.
Дереккөз: ULYTAU TV YouTube


