Жаңалықтар

ТҰРҒЫНДАРҒА САЛЫҚ САЛАСЫНДАҒЫ ЖАҢА ЕРЕЖЕЛЕР ТҮСІНДІРІЛДІ

ТҰРҒЫНДАРҒА САЛЫҚ САЛАСЫНДАҒЫ ЖАҢА ЕРЕЖЕЛЕР ТҮСІНДІРІЛДІ

Жезқазған қаласындағы «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының ғимаратында Ұлытау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің мамандары тұрғындарға кезекті ақпараттық-түсіндіру акциясын өткізді. Шара барысында биылғы жылдан бастап күшіне енген Қазақстан Республикасының Салық кодексіне енгізілген өзгерістер мен толықтырулар да кеңінен баян етілді.

Аталған акция - халықтың құқықтық, қаржылық және салықтық мәдениетін арттыруға бағытталған. Сонымен қатар салықтық міндеттемелерді уақытында және дұрыс орындау тәртібі туралы ақпарат беріліп, жеке және заңды тұлғаларға қатысты салық саясатындағы жаңа ережелер де егжей-тегжейлі түсіндірілді.

«1335 ПЕРЕВОД: Акция тұрғындарға салық салудың негізгі ережелерін түсінуге, есеп тапсыруды дұрыс ұйымдастыруға және құқықтары мен міндеттерін білуге мүмкіндік берді. Алдағы уақытта осындай ақпараттық шаралар жүйелі түрде өткізілетін болады, бұл азаматтардың салықтық сауаттылығын арттыруға септігін тигізеді»

— Алмаз Шаймерденов, Ұлытау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті басшысының орынбасары

Іс-шара барысында тұрғындар департамент мамандарына тақырып аясында сұрақтарын қойып, салық саласына қатысты өзекті мәселелер бойынша ой пікірлерін ортаға салды.

Мұндай ақпараттық кездесулер тұрғындарға салық саласындағы жаңашылдықтарды дер кезінде насихаттап, халықтың құқықтық сауаттылығын арттыруға жол ашпақ.

Дереккөз: ULYTAU TV YouTube

Тақырыпқа қатысты