ТҰРМЫСТЫҚ ГАЗДЫ ҚАУІПСІЗ ҚОЛДАНУ ЕРЕЖЕЛЕРІ ТҮСІНДІРІЛДІ

Көгілдір отынды қолдану – ыңғайлы, бірақ қауіпсіздік ережесін сақтамау өмірге қатер төндіруі мүмкін. Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте мамандар тұрмыстық газды қауіпсіз пайдалану жолдарын түсіндірді.
Газ қондырғыларының техникалық жағдайын дер кезінде тексермеу, желдету жүйесін ұйымдастырмау, ақау пайда болған жағдайда өз бетімен жөндеуге кірісу – бұның бәрі қатер төндіретін факторлар. Брифингте қалалық төтенше жағдайлар басқармасының бастығы осы мәселені қозғап, тіпті газ балондарын алып келіп көрсетті.
Сондай-ақ Ұлытау облысында жүргізіліп жатқан газдандыру жұмыстары туралы да мәлімет берілді. Қазіргі таңда өңірде бірқатар елді мекен мен аудандар газдандырылып, орталық газбен қамтылған тұтынушылар саны 1960 үйге жеткен. Жезқазған газ шаруашылығының директоры Бақтыбек Айнагулов Газды қолданар алдында бірнеше қарапайым ережені сақтау маңызын атап өтті.
Спикерлер газ жабдықтарын тексерілген және сертификатталған ұйымдардан сатып алу, орнату және техникалық қызмет көрсету жұмыстарын арнайы мамандарға тапсыру керектігін де айтты.
Дереккөз: ULYTAU TV YouTube


