ТЖБ ЕСКЕРТЕДІ

Көктем мезгілі келсімен, өзен-көлдердегі мұз да ери бастады. Аталған ретте, Төтенше жағдайлар басқармасы тұрғындарға мұз үстіндегі кез келген әрекеттің қауіпті екендігін ескертіп, қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтауға шақырады.
Балық аулау, аң аулау және өзге де мұз айдынындағы әрекеттер соңы – қауіпсіздік шараларын сақтамаса қайғылы жағдайларға әкелуі мүмкін Салаға жауапты мамандардың айтуынша, наурыз айының екінші жартысында аймақта күннің күрт жылынуы күтілуде. Сол себепті, құтқарушылар енді мұз үстіне шықпауға кеңес береді. Бұл кезеңде тіпті тәжірибелі балықшылардың өзі мұздың қалыңдығын дәл анықтай алмайды.
Айта кету керек, 2026 жылы Жезқазғанда жергілікті тұрғын жеке көлігімен мұз үстінен өтпек болғанда, мұздың ойылып кету жағдайы тіркелген.Абырой болғанда, аталған оқиғада адам шығыны тіркелмеген. Төтеншеліктер ескертеді, ескертуді ескеру – сіз бен біздің жеке жауапкершілігімізге байланысты!
Дереккөз: ULYTAU TV YouTube


