ҮЙТАС АЙДОС АУЫЗ СУ ЖОБАСЫ БАҚЫЛАУДА

Ұлытау облысының әкімі Дастан Рыспеков Жезқазғанды сапалы ауыз сумен қамтуға арналған Үйтас-Айдос жобасының құрылыс алаңында болды. Өңір басшысы жобаның жүзеге асырылу қарқынын бағамдап, жауаптыларға бірқатар міндет жүктеді.
Жоба аясында жер асты суын өндіретін ұңғымаларды бұрғылау жұмыстары қарқын алған. Жоспарға сәйкес, Үйтас кен орнында 7, Айдос кен орнында 11 ұңғыма қазылады. Олардың әрқайсысының тереңдігі 100-120 метр болады. Бұдан бөлек, ұңғымалардан көтергіш сорғы станциясына дейінгі құбыр желісі толық тартылған. Нысанда болған облыс әкімі жобаның қаржыландырылуы толық қамтамасыз етілгенін айтып, ендігі негізгі талап - жұмыстың сапасы мен белгіленген мерзімнің сақталуы екенін ерекше атап өтті. Сондай-ақ мердігер мекемелерге құрылыс-монтаж жұмыстарын кестеден кешіктірмей, жоғары сапамен аяқтауды тапсырды.
«0461 2ші звуктан: / Қазіргі таңда Үйтас Айдос жер асты суларын тасымалдау және бұрғылау жұмыстары жүргізілуде. Ол әрине жер асты суларын Жезқазған қаласының гидроцехында және су тазартқыш нысанына жеткізіп,әрі қарай халыққа сапалы сумен қамтамасыз етуге септігін тигізеді. Қазіргі таңда Айдоста 3 ұңғыма бұрғылау жұмыстары ұйымдастырылып, тиісті шаралар қабылданып жатыр»
— Аслан Арынов, Жезқазған қаласы әкімінің орынбасары
Үйтас-Айдос жобасын 2027 жылдың алғашқы жартыжылдығында аяқтап, пайдалануға беру жоспарланып отыр. Жоба іске қосылғаннан кейін Жезқазған тұрғындары тұрақты әрі сапалы жер асты ауыз сумен қамтылады. Бұл қаланың сумен жабдықтау жүйесінің сенімділігін арттырып қана қоймай, инженерлік инфрақұрылымды жаңғыртуға және халықтың өмір сүру сапасын жақсартуға жол ашпақ.
Дереккөз: ULYTAU TV YouTube


