Жаңалықтар

«ҮКІЛІ ҚОБЫЗ» СЫЙЛЫҒЫ ТАБЫСТАЛДЫ

«ҮКІЛІ ҚОБЫЗ» СЫЙЛЫҒЫ ТАБЫСТАЛДЫ

Облыс орталығында – «Мәдениет және өнер қызметкерлері күніне» арналған салтанатты шара өтті.

Мыс бұлағын ағызған Жезқазған – мәдениет пен өнердің де алтын бесігі! Ел дамуы жолында – рухани, мәдени, әдеби бағытта еңбек етіп жүрген жандарды шаһар басшысы Қайрат Шайжанов арнайы құттықтады...

Иә, өнер адамдарына қолпаштау да, әлпештеу қажет-ақ дүние! Бұл ретте Жезқазған қаласы әкімдігі оң үлгі көрсете білуде. Алдымен сала ардагерлеріне құрмет жасалып, қаржылай сыйақылар берілді. Әрі қарай, «Жылдың Музей қызметкері», «Жыл әртісі», «Жылдың үздік кітапханашысы» сынды 10 аталымда топжарғандарға дипломдар мен «Үкілі қобыз» сыйлығы және 500 мың теңгенің сертификаты табысталды. Ал, басты жүлде «Мәдениет және өнер саласын дамытуға қосқан үлесі үшін» 1 млн теңге иегері – Арқада ән оздырған Ардақ Мұқышев атанды.

Мерекелік шара - жергілікті өнер майталмандарының қатысуымен өткен мерекелік концертпен мәреге жетті. Мәдениет өкілдеріне көрсетілген құрмет – ұлттың ертеңіне жасалған ұлықты міндет!

Дереккөз: ULYTAU TV YouTube

Тақырыпқа қатысты