ҮЛКЕНДІ ҚҰРМЕТТЕУ – ҰЛТТЫҚ ДӘСТҮР

Ұлытау облысының ардагерлер кеңесі өкілдері Жезқазғандағы Өмірхан Байқоңыров атындағы университет студенттерімен кездесті. Жүздесуде аға буын мен жастар өзара пікір алмасып, өмірлік тәжірибемен бөлісті. Кездесудің негізгі мақсаты - ұрпақтар сабақтастығын нығайтып, жастарға тағылымды бағыт-бағдар беру.
Жиын барысында ардагерлер салт-дәстүрдің сабақтастығы мен үлкенді сыйлаудың мәні туралы ой бөлісті. Сонымен қатар, жастарға бағыт-бағдар берудің маңызын атап өтті.
Жүздесу Қарттар мерекесі мен Мұғалімдер күні қарсаңында ұйымдастырылды. Шара барысында білім саласында ұзақ жыл еңбек еткен ардагер ұстаздар да назардан тыс қалмады. Оларға жас ұрпақ тәрбиесіне қосқан үлесі мен қоғамдық жұмыстардағы белсенділігі үшін алғыс хаттар мен естелік сыйлықтар табысталды.
Келелі кездесуде студенттер ардагерлерге өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, пікір алмасты. Аға буын өкілдері жастарды білім алып, ел дамуына үлес қосуға шақырды.
Дереккөз: ULYTAU TV YouTube


