Жаңалықтар

ҰЛТ ҮНІМЕН ҮНДЕСКЕН ҚОС МЕРЕКЕ

ҰЛТ ҮНІМЕН ҮНДЕСКЕН ҚОС МЕРЕКЕ

Домбыраның күмбірі, халық әні, ұлттық нақыш. Облыс орталығында Астана күні мен Ұлттық домбыра күніне арналған мерекелік концерт өтті. Қос мерекеге орай ұйымдастырылған рухани кеште ұлттық өнер дәріптеліп, сахна төрінде кәсіби және жас өнерпаздар бас қосты.

Концерт шымылдығын «Қарақат» мектеп-студиясының домбырашылар ансамблі ашты. Сахнада қазақ күй өнерінің таңдаулы туындылары орындалып, мерекелік бағдарлама ән мен биге ұласты. Шығармашылық ұжымдар мен жеке орындаушылар көрерменге жиырмаға жуық концерттік нөмір тарту етті. Халық күйлері, патриоттық және заманауи шығармалар кештің мазмұнын байыта түсті.

Мерекелік кешке қала тұрғындары мен қонақтары көптеп жиналды. Күй мен әнге ұласқан концерт ұлттық өнердің сабақтастығын айшықтап, көрерменге ерекше көңіл күй сыйлады.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, мұндай тағылымды мәдени шаралар ұлттық өнердің өрісін кеңейтіп қана қоймай, мәдени сабақтастықты нығайтып, жас ұрпақтың төл тарихы мен рухани мұрасына деген құрметін арттыруға ықпал етеді.

Дереккөз: ULYTAU TV YouTube

Тақырыпқа қатысты