ҰЛТТЫҚ КИІМ КҮНІНЕ АРНАЛҒАН МЕРЕКЕЛІК ШЕРУ

Ұлттық киім – ұлт болмысының айнасы! Наурызнама онкүндігі аясындағы Ұлттық киім күнінде - Жаңаарқа ауданында ерекше мерекелік шеру ұйымдастырылды. Аудан орталығындағы айтулы шараға арнайы барған түсірілім тобының бейнематериалына кезек берелік...
Ұлттық Құрылтайдың ІV ші отырысында сөйлеген сөзінде Президент Қасым-Жомарт Тоқаев: «Ұлттық киім - ұлттық болмысымыздың маңызды көрінісі. Оны жан-жақты дәріптеуіміз керек!», - деді!
Наурызнама он күндігіндегі айрықша шара облыстық Дін істері басқармасының басшысы Дулат Төлегенов пен Жаңаарқа ауданының әкімі Қанат Қожықаевтың құттықтауымен ашылды.
Иә, жаңаарқалықтардың ұлттық дәстүр мен мәдениетті жаңғырту бағытындағы жемісті жобалары рекордтар кітабына да енгізілген! Бір мезгілде мың күбіні күрпілдетіп, 500 табақ ет тартқан жайсаң жұртшылық – Ұлттық киім күнінде де ерекшелені білді. Бұл күні ұлттық киімде киінген 500 адам орталық алаңмен жүріп өтіп, мерекелік шеру ұйымдастырды.
Шеру барысында қатысушылар ата-бабамыздан мұра болып қалған ұлттық киім үлгілерін киіп қана қоймай, олардың терең тарихынан да ақпарат берді. Тағылымды шара – жергілікті өнерпаздардың қатысуымен өткен концертпен жалғасын тапты. Мұнда да ұлттың дәстүрлі өнері төрге озды!
Дереккөз: ULYTAU TV YouTube


