ҰЛТТЫҚ ӨНЕРДІ ҰЛЫҚТАҒАН МУЛЬТИАСПАПШЫЛАР БАЙҚАУЫ

Жезқазғанда «Ұлытау үні» фестивалі аясында республикалық «Мультиаспапшылар» байқауы өтті. Ұлттық өнерді ұлықтаған додаға еліміздің әр өңірінен келген 13 өнерпаз қатысып, бірнеше аспапта ойнау шеберлігін ортаға салды. Сахна төрінде домбыра, қобыз сынды ұлттық аспаптардың үні үндесіп, орындаушылардың шеберлігі сыналды.
0799 Ұлытау үні биыл - қос қалада өтуде. Фестиваль бағдарламасының бір бөлігі - облыс орталығындағы «Шабыт» шығармашылық орталығында бастауын алды. Мұнда еліміздің әр өңірінен келген мультиаспапшылар бір сахнада бас қосып, бірнеше музыкалық аспапты меңгерудегі шеберлігін көрсетуде.
Биылғы дода Әлихан Бөкейханның 160 жылдығына арналды. Бұл байқаудың басты ерекшелігі - орындаушының бір аспаптағы шеберлігін ғана емес, бірнеше аспаптың мүмкіндігін бір музыкалық арнаға тоғыстыра білуі. Сондықтан сахнада аспап ауыстырудың шапшаңдығымен қатар, әрқайсысының өзіндік үнін сақтап, тұтас музыкалық шығармаға айналдыра білу қабілеті де сыналды.
«0801 / Құрметті қатысушылар, құрметті әділ-қазылар алқасы сіздерді ұлт ұясы Ұлытауда, үш жүздің басын қосқан қасиетті мекенге қош келіпсіздер дейміз. Бұл байқауымыз біздің 2024 жылы өз бастауын алған. Арамызда сол байқау басталған кезде ең алғашқы жеңімпазы да қатысып отыр. Олай болса әділ-қазы алқасының жұмысына сәттілік тілеймін. Әділ бағасын бере жатар. Ал қатысушыларға тек қана баршаларына жеңіс тілеймін. Өнер мерекесі құтты болсын!»
— Жұмажан Өтегенов, облыстық мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы басшысының орынбасары
Екі кезеңнен тұратын додада өнерпаздар бірнеше шығарма орындады. Бағдарламаға халық күйлері мен әндерімен қатар, авторлық туындылар да енгізілген.
«0848 / / Осындай үлкен фестивальды ашып бергенім мен үшін үлкен құрмет. Және де менің негізгі мамандығым домбырашы, бірақ олмен бірге өзіммен сыбызғы, сазсырнай, жетіген деген аспаптарды алып келіп отырмын.Барлық қатысушылар өте талантты, өте жан-жақты. Бұл жерде бақталастық емес, тек бір-бірімізден бір идея алып, жаңа бір шыңға жету деп ойлаймын. Бұл фестивальға негізі 3ші рет келіп отырмын. Және де бұл фестиваль өзіме ыстық. Себебі, бұл фестиваль басқа байқауларға ұқсамайды»
— Назира Омар, мультиаспапшылар байқауына қатысушы (Павлодар облысы)
«0849 / Кішкене қобалжу болды басында.Өйткені конкурстарға біраз болыпты кішкене қатыспағалы. Концерттерге шығып жүрміз, бірақ концерттің кішкене атмосферасы бөлек. Бұл конкурс болғаннан кейін сені сынап қарайды және қарсыластарың бар деген секілді. Сонлықтан әрине бұл жерде қобалжу болды. Бірақ осы сахна ішіндегі көрермендердің қолдауымен өте жақсы өтті бәрі. Кішкентай кезімізден біз барлығмыз осында жүрген адамдардың барлығы өнерпаздар ол кішкентай кезден келе жатқан балалар ғой. 6,7 жасынан бізді музкалық мектепке беред. Сол кезден бастап осы бізге музыка әлемі өміріміздің мәні ретінде ғой. Сондықтан тек қана осы аспаптармен тоқталмай, тағы да меңгеретін аспаптар бар. Мысалы: қылқобыз, нарқобыз аспаптары соларды да меңгеру керек. Жетіген,адырна олар да қазақтың фольклорлық аспаптарының бірі. Оларды да меңгеріп, осы біздің келешек жастарға дәріптеп, оларға тарих мұра ретінде қалдыру»
— Айзада Кемел, мультиаспапшылар байқауына қатысушы (Ақмола облысы)
Өнерпаздардың орындауын құрамында кәсіби музыканттар мен мәдениет саласының білікті мамандары бар қазылар алқасы бағалады. Төрелік еткендер қатарында халықаралық және мемлекеттік марапаттардың иегерлері, өнер университетінің оқытушылары, этно-фольклорлық ансамбль жетекшілері бар. Ал байқау қорытындысында үздіктер қаржылай сыйақылармен марапатталды.
Дереккөз: ULYTAU TV YouTube


