ҰЛТТЫҚ ҚҰРЫЛТАЙ – МАҢЫЗДЫ МӘСЕЛЕЛЕРДІҢ ШЕШІМІ

Ұлттық Құрылтайдың Қызылорда қаласында өткен V ші отырысы – Жаңа Қазақстандық қоғамды құрудың негізгі алғышарттарын тереңірек айқындады. Аталған алқалы жиында Президент Қасым Жомарт Тоқаев - кейінгі жылдары бастауын алған ауқымды реформалардың әрі қарай жалғасатындығын айтты...
Қызылордадағы Құрылтаймен Конституциялық реформалар қолға алынып, Мемлекеттік басқару жүйесінде бірқатар өзгерістер орын алмақ. Айта кетейік, бұған дейін 2022 жылы референдум арқылы Ата заңынан 33 бабы жаңарған. Бұл жолы да соңғы шешім – Халықпен кеңесу арқылы қабыладанады...
Ұлттық құрылтайда көтерілген маңызды салалардың бірі: жол сапасы мен өңіраралық көлік қатынасын жақсарту мәселесі. Логистикалық әлеуетті арттыру – аймақтардың дамуына оң серпінін бермек. Бұл ретте Президент Жезқазған – Қызылорда, Жезқазған – Қарағанды автожолдарына да айрықша тоқталды. Аталған республикалық маңызға ие жолдардың жөнделуі – «Аманат» партиясының сайлауалды бағдарламасына да енгізілген...
Қызылордада өткен Құрылтайдың секциялық отырыстарында 200 ден астам бастама көтерілген. Қазір елімізде арнайы жұмыс тобы Конституциялық реформалар шеңберіндегі ұсыныстарды зерделеуде.
Дереккөз: ULYTAU TV YouTube


