ҰЛТТЫҚ ҚҰРЫЛТАЙ ҚАЗАҚСТАННЫҢ ДАМУ БАҒДАРЫ

Қызылорда қаласында Президенттің төрағалығымен өткен Ұлттық Құрылтайдың V ші отырысы – тарихи кезеңдегі талдамалы тақырыптарғы толы жиын болды. Мемлекеттік басқару жүйесі мен түрлі салада қолға алынатын реформалар айқындалған алқалы кеңес – Қазақстан қоғамының басты саяси оқиғасына балануда...
«Құрылтай алаңында айтылған конституциялық бастамалар мен ұтымды ұсыныстар – мемлекеттің институционалдық құрылымын жаңғыртып, Әділетті әрі Қуатты Қазақстанды құруға бағытталған негізгі қадамдар!» Бұл – Ұлытау облыстық мәслихатының депутаты Досхан Сәкеннің пікірі...
Құрылтайда – тек саяси реформалардың ғана емес, төл тарихымыз бен ұлттық идеологиямыздың ертеңі де айқындалды.
Бұл ретте: Алтын Орда шежіресі мен түркі өркениетін ғылыми тұрғыдан зерттеу, Қазақстанның академиялық тарихының жеті томдығын шығару сынды тың бастамалар үлкен қолдауға ие болуда. Аталған жұмыстар мәдениет пен өнерді өрістетуді көздейді.
Бүгінде Құрылтай жүктеден міндеттер бойынша арнайы жұмыс тобы құрылып, Конституциялық реформалар шеңберіндегі ұсыныстар зерделенуде.
Дереккөз: ULYTAU TV YouTube


