Жаңалықтар

ҰЛТТЫҚ ҚҰРЫЛТАЙ СЫНДАРЛЫ ШЕШІМ АЛАҢЫ

ҰЛТТЫҚ ҚҰРЫЛТАЙ СЫНДАРЛЫ ШЕШІМ АЛАҢЫ

«Қызылорда қаласында өткен Ұлттық Құрылтайдың V ші отырысында айтылған ауқымды реформалар мен ұтымды ұсыныстар – Жаңа Қазақстандық қоғамды құрудың негізгі алғышарты!» Бұл – Ұлытау облыстық мәслихатының депутаты Базаргүл Үмбетованың пікірі...

Ұлттық Құрылтай алаңында қамтылмаған тақырып жоқ! Ел дамуы мен экономикалық өсімнен бастап, жол инфрақұрылымы, әлеуметтік ахуал, білім, денсаулық, экология сынды өзекті салалар осы отырыста кеңінен тарқатылды. Президент өз сөзінде: «Қызылордаға келіп тұрып, Арал мәселесіне тоқталмай кету мүмкін емес. Оның тағдыры әркез назарда.», - деп су саласындағы түйткілдерді айрықша атап өтті...

-( Бұған дейін де Мемлекет басшысы елімізде су тапшылығын болдырмау, Аралды құтқару жайын халыққа Жолдауында жеткізген болса, бұл жолы Алаштың анасы атанған –Сыр өңірінде, Арал мәселесіне арнайы тоқталды. 2024 жылдың соңында «Байтақ» жасылдар партиясы Түркістан қаласында «Арал-2024» саммитін өткізіп, 5 елдің жасылдар партиясы басшыларының басын қосып, өзекті мәселелерді талқылаған болатын. Президентіміздің су саласындағы түйткілді шешуде шебер дипломатия қажеттігін, су стратегиялық ресурс болғандықтан өткен жылы Біріккен Ұлттар Ұйымы аясында Халықаралық су ұйымын құруды ұсынғандығын әрі БҰҰ реформалау аясында бұл мәселені алға жылжыту үшін, биыл сәуір айында Астанада Халықаралық экология саммитін өткіземіз деуі –адамзатты алаңдатқан Аралды қалпына келтіруге мол мүмкіндік деп есептеймін.) Сонымен қатар, Құрылтайда терең тарихымыз бен мәдени мұрамызды әлемдік деңгейде насихаттауға байланысты да бірқатар жобалар қолға алынатындығы айтылды.

-(Еліміздің рухани-мәдени мұрасын әлемге таныту туралы бастамалар жайлы Президент қазір Қазақстан материалдық емес мәдени мұралар тізіміне өз нысандарын белсенді түрде енгізіп жатқан 25 елдің қатарында екендігін, алдағы жазда Корея Республикасының Пусан қаласында Бүкіләлемдік мұралар комитетінің кезекті отырысында «Маңғыстаудың жерасты мешіттерін» ұйым тізіміне қосу мәселесі қаралатындығын жеткізді. Абай ілімі біздің ұлттық бірегейлігіміздің, ұлттық болмысымыздың өзегі болуға тиіс. «Адал азамат» тұжырымдамасы ұлы ойшылдың «Толық адам» идеясымен тығыз астасып жатқандықтан, Абайдың «Қара сөздерін» ЮНЕСКО-ның «Әлем жады» деректі мұралар тізіміне енгізуіміз керектігін атап айтты.) Айта кетейік, Қызылордадағы Құрылтайдың секциялық жиындары негізінде 200 ден астам ұсыныс берілген. Аталған ұсыныстар арнайы құрылған жұмыс тобымен зерделенуде.

Дереккөз: ULYTAU TV YouTube

Тақырыпқа қатысты