Жаңалықтар

ҰЛТТЫҚ ҚҰРЫЛТАЙ – ҰТЫМДЫ ҰСЫНЫСТАР АЛАҢЫ

ҰЛТТЫҚ ҚҰРЫЛТАЙ – ҰТЫМДЫ ҰСЫНЫСТАР АЛАҢЫ

«Ұлттық Құрылтай – мемлекеттік даму стратегияларын саралайтын ашық алаңға айналды! Онда айтылған орамды ойлар мен ұтымды ұсыныстар – Қазақстан қоғамында кең қолдауға ие болуда.» Бұл – Жезқазған қалалық мәслихатының төрағаның Раушан Қапарованың пікірі.

Тәуелсіз Қазақстандағы Ұлттық Құрылтайлар тарихы – Ұлытаудан басталған. 2022 жылдан бері Президенттің төрағалығымен тұрақты түрде өткізіліп келе жатқан келелі кеңестер нәтижесінде – Парламент қабырғасында 26 заң жобасы қабылданған. Ал, Қызылордадағы жиын – Құрылтайдың V ші басқосуы...

-(Осы уақыт аралығында Ұлттық Құрылтай - қоғамдық сенім мен ұлттық «ой-пікір» алаңына айналды. Бұл заң шығаратын орган емес, бірақ қоғамның рухани, моральдық және стратегиялық бағдарын айқындайтын «ұлт кеңесі» іспетті құрылым. Осы бес жыл ішінде өткен әр Құрылтайдың өзіндік ерекшеліктері болды.

Құрылтайдың алғашқы отырысы 2022 жылы Ұлт ұясы атанған Ұлытау жерінде өтуі -тарихи оқиға болды. Бұл басқосуда ұлттық бірегейлік, тіл мен мәдениет, аймақтық даму, экономикалық әділеттілік мәселелері көтерілген болатын.) Әрі қарай Түркістан, Атырау, Бурабайда ұйымдастырылған жиындарда – Жаңа Қазақстандық қоғамды дамыту бағытындағы жемісті реформалар жалғасын тапты. Аталған Құрылтайлардың қорытындысы іспеттес Қызылордадағы алқалы жиынның да жаңалығы көп...

-( Ал, енді осы Қызылорда қаласында өткен соңғы Құрылтайды айтатын болсақ - өте үлкен жаңа бастамалар айтылды мұнда. Атап айтатын болсам, Вице-президент институтын енгізу, Парламентті Құрылтай форматына көшіру, Халық Кеңесін құру, мемлекеттік рәміздерді пайдалану нормаларын күшейту, Арал мәселесі, денсаулық сақтау мәселесі. Сонымен қатар, Ассамблея мен осы Ұлттық Құрылтайды қосып, «Халық Кеңесі атты жаңа кеңестің пайда болуы. Бұл бізге еліміз үшін түбегейлі өзгерістерге әкеліп және сол «Халық кеңесі» біздің халықтың әлеуметтік жағдайларын, әл-ауқатын жақсарту үшін үлкен жаңа серпін береді, үлкен өзгеріс әкелетін Кеңес болады деп өзім сенім артамын!) Айта кетейік, жаңадан құрылатын Халық кеңесі құрамына 126 адам кіреді. Олар: этномәдени бірлестіктер мен жергілікті мәслихат өкілдері және азаматтық сектор белсенділері.

Дереккөз: ULYTAU TV YouTube

Тақырыпқа қатысты