Жаңалықтар

ҰЛТТЫҚ ҚҰРЫЛТАЙ – ҰТЫМДЫ ҰСЫНЫСТАРДЫҢ АЛАҢЫ

ҰЛТТЫҚ ҚҰРЫЛТАЙ – ҰТЫМДЫ ҰСЫНЫСТАРДЫҢ АЛАҢЫ

Қызылорда қаласында өткен Ұлттық құрылтайдың V ші отырысында Президент көтерген бастамалар қоғам тарапынан кең қолдаға ие болуда. Ондағы ұтымды ұсыныстар - кейінгі төрт жылда жүзеге асырылып келе жатқан саяси реформалардың заңды жалғасы болып, мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіруге бағытталған.

Ұлттық құрылтай алаңындағы басымдық берілген тақырыптардың бірі: мәдениет пен рухани құндылықтар мәселесі болды. Мемлекет басшысы - Ұлы Абайдың «Қара сөздерін» ЮНЕСКО-ның Бүкіләлемдік мұралар тізіміне енгізуді ұсынды және өңірлерде жаңа театрлар салынатынын мәлімдеді. Сондай-ақ ұлттық болмысты қалыптастырудағы мәдениет, өнер және отбасы институтының маңыздылығын атап өтті.

Президент өз сөзінде Арал теңізінің бүгінгі ахуалына да арнайы тоқталды. Мемлекет басшысы су мәселесіне жүйелі көзқарас қажеттігін айтып, Арал өңірін қалпына келтіру тек Қазақстан үшін ғана емес, бүкіл Орталық Азия аймағы үшін өзекті екенін жеткізді. Ардагерлер қауымдастығы өкілдері құрылтайда айтылған бастамалардың жемісті жүзеге асуы мемлекет пен қоғам күштерінің бірігуіне тікелей байланысты екенін жеткізді.

Ұлттық құрылтайда бұған дейін көтерілген ұсыныстар негізінде 26 заң жобасы қабылданған. Бұл - Құрылтайдың ауқымды реформалардың негізгі қозғаушы күшіне айналғанын көрсетеді.

Дереккөз: ULYTAU TV YouTube

Тақырыпқа қатысты