Жаңалықтар

ҰЛТТЫҚ ҚҰРЫЛТАЙДЫҢ V ШІ ОТЫРЫСЫ

ҰЛТТЫҚ ҚҰРЫЛТАЙДЫҢ V ШІ ОТЫРЫСЫ

Бүгін – Қызылорда қаласында ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Ұлттық Құрылтайдың V ші отырысы өтті. Аталған Құрылтай жиынында ел дамуы жолындағы жемісті реформалардың жалғасы жөнінде айтылды. Сондай-ақ бұған дейінгі Құрылтайлардың қорытындысы шығарылды. Мәселен, өткен жылы Бурабайдағы IV ші жиын нәтижесінде 6 заң қабылданып, 10 заң жобасы жұмысқа алынған.

Ал, Қызылордадағы Құрылтайдың секциялық отырыстарында 200 ден аса ұсыныс айтылған. Құрылтайдың басты жаңалығы: Қазақстанның бір палаталы жаңа Парламенті «Құрылтай» деп аталады. Ондағы депутаттар саны 145, комитет саны 8 болады. Сонымен қатар, «Қазақстанның Халық кеңесі» атты жаңа диалог алаңы құрылады. Осылайша, Ұлытаудан бастауын алған «Ұлттық Құрылтай» өзіне жүктелген миссияны толықтай орындады.

Дереккөз: ULYTAU TV YouTube

Тақырыпқа қатысты