ҰЛТТЫҚ СПОРТ КҮНІ

Облыс орталығындағы «Жігер» дене шынықтыру және сауықтыру кешенінде бүгінгі Ұлттық спорт күніне арналған ауқымды мерекелік сайыс өтті. Ұлытау облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы ұйымдастырған жарысқа өңірдегі спорт мекемелері қатысып,өзара бақ сынасты.
Сайыстың басты мақсаты-ұлттық құндылықтарды ұлықтау,салт-дәстүрлерді жаңғырту және ұлттық спорт түрлерін дамыту. Қатысушылар үш негізгі бағыт бойынша:Үздік киіз үй, Ұлттық салт-дәстүр және ұлттық спорт бағыттарынан сынға түсті.
«4880 ПЕРЕВОД: Облыста ұлттық спорт түрлеріне арналған олимпиадалық мектеп жұмыс істейді, онда спорттың 12 түрі қамтылған. Осы бағыттағы жұмысты жалғастыру мақсатында Жезқазған–Сәтбаев бағыты бойында жаңа ипподром салу жобасы әзірленуде. Онда бәйге жолы, атқоралар және ұлттық спортқа қажетті барлық инфрақұрылым қарастырылады.Бүгінгі іс-шара да осы бастамалардың жалғасы іспеттес. Мұндай шаралар ұлттық спортты дамытып, оған деген қызығушылықты арттыра түседі. Болашақта бұл жұмыстар ірі республикалық және халықаралық жарыстарды өткізуге мүмкіндік бермек»
— Марат Айдашев, облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы
Бүгінгі жарысқа қатысушылар тыңғылықты дайындалып келіп, қазақ халқының бай мәдени мұрасын таныстырып, ұлттық ойындарды кеңінен насихаттады.Ұйымдастырушылардың айтуынша, 14 наурыздан бері өңірде ұлттық спорт түрлеріне арналған 19-дан астам іс-шара өткізілген.
Айта кетейік, Ұлттық спорт түрлеріне арналған негізгі мерекелік және спорттық шаралар 22 наурызда облыс орталығы алаңында өтеді.
Дереккөз: ULYTAU TV YouTube


