ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕ – ҰЛТТЫҢ МҰРАТЫ

Ұлттық тәрбие – ұлттың мұраты! Облыс орталығындағы №13 Жалпы білім беретін мектебінде: «Қыз балаларды тәрбиелеудегі - әжелердің рөлі» тақырыбында кездесу сағаты ұйымдастырылды...
№13 ЖББМ жанынан құрылған «Әжелер кеңесі» мен білім ордасы бірлесе қолға алған іс шара – «Біртұтас тәрбие» бағдарламасына негізделген. Негізгі мақсаты: қыз баланың қазақ қоғамындағы өзіндік орнына тоқталып, көргені мен түйгені көп көнекөз әжелердің жүріп өткен жолын жасөспірімдерге үлгі ету. Мұғалім, оқушы, ата-ана үштігінің мектеп өміріндегі белсенділігін арттыру.
Іс шара барысында оқушы қыздарға қолөнер шеберлігімен жасалған бұйымдар таныстырылып, қатысушы Әжелер: Отан, отбасы жөніндегі ойларын ортаға салды. Оқушылар тақырып аясында өз пікірлерін білдірді...
Кездесу сағатында белсенділік көрсеткендерге ұйымдастырушылар тарапынан алғыс хаттары табыс етілді. Мектеп ұжымы тәрбиелік маңызға ие жобаларды әрі қарай да жалғастыра бермек...
Дереккөз: ULYTAU TV YouTube


