Жаңалықтар

«ҰЛЫ ШЕБЕРЛЕР ІЗІМЕН!»

«ҰЛЫ ШЕБЕРЛЕР ІЗІМЕН!»

«Ұлы шеберлер ізімен!» Аталған тақырыпта Ұлытау облыстық тарихи-археологиялық Музейінің көрме залында жергілікті суретшілер мен «Өнер академиясы» студенттерінің ерекше сурет көрмесі өтті...

Облыстық деңгейде ұйымдастырылған көрмеде - бейнелеу өнерінің хас шеберлері Ван Гог пен Пикассо отты бояулары, Әбілхан Қастеевтің ұлтық стильдегі қолтаңбасы үлгі етіліп, үйлесім тапқан. Мәдени шара «Республика» партиясының қолдауымен қолға алынған...

«( Биыл Тәуелсіз Қазақстан тарихының 35 ші белесі! Осынау мерейлі жылға орай «Республика» партиясы «35 жылдыққа – 35 игі іс» атты бастаманы қолға алды. Аталған бастаманың бүгін алғашқы іс шарасы өтуде. Біздің партия таланатты балаларды үнемі қолдайды. Сондықтан да, жоба мәдени оқиғамын тұсауын кесті.)»

— Светлана Оңғарбаева, «Respublika» партиясының Ұлытау облыстық филиалының төрағасы

Көрме алаңында кәсіби суретшілер мен бейнелеу өнері әлеміне енді қадам басқан балалар өзара тәжірибе де алмасты. Негізгі мақсат: жиналған жұртшылыққа эстетикалық сезім сыйлап, таланатты оқушылардың туындыларын кеңінен насихаттау...

Көрме барысында барлық қатысушыға Республика партиясы тарапынан алғыс хаттары табыс етіліп, сый құрмет көрсетілді. Аталған партия өкілдері мәдениет пен өнерді қолдауға арналған тағылымды шаралар легін әрі қарай да жалғастыра бермек...

Дереккөз: ULYTAU TV YouTube

Тақырыпқа қатысты