ҰЛЫ ЖЕҢІСКЕ 81 ЖЫЛ!

Облыс орталығында Ұлы Жеңістің 81 жылдығына арналған ауқымды мерекелік шара өтті. Майдангерлердің ерлігі мен тыл еңбеккерлерінің қажырлы еңбегі ұлықталған тағылымды кешке өңір тұрғындары, ардагерлер, әскери қызметкерлер мен жастар қатысты.
Мерекелік шара театрландырылған қойылыммен ашылды. Сахналық көріністерде соғыс жылдарындағы халықтың қайсарлығы мен Жеңіске деген жігері көрініс тапты. Жиында сөз сөйлеген Ұлытау облысының әкімі Дастан Рыспеков Ұлы Жеңіс - ел тарихындағы ең қастерлі белестердің бірі екенін атап өтті. Сонымен қатар өңір басшысы Қарсақбай зауытының майдан жылдарындағы өлшеусіз еңбегіне тоқталып, Ұлытау жерінен шыққан азаматтардың ерлігі кейінгі ұрпаққа үлгі екенін жеткізді.
Шара барысында соғыс даласында қаза тапқан боздақтар мен ел тыныштығы жолында жанын қиған ерлер рухы бір минут үнсіздікпен еске алынды. Жиналған жұртшылық Мәңгілік алауға гүл шоқтарын қойып, батырлар рухына тағзым етті.
«2370 5ШІ ЗВУК:ПЕРЕВОД: Мен бұл қалада екінші рет болып отырмын. Бұл қала - менің әйелімнің туған жері, сондықтан арнайы келдім. Әрине, бұл мерекенің тарихи маңызы өте зор, Мен – Испаниядан келдім. 1937 жылға дейін Испанияда азаматтық соғыс болған. Баршаңызды осы айтулы күнмен құттықтаймын. Бұл - жеңіс үшін өмірін қиған барлық адамдарды еске алып, ұмытпауға мүмкіндік беретін маңызды күн. Қазақстанға, Ұлытауға келіп, осындай шараға қатысқаныма қуаныштымын»
— Хорге Агуадо, ХИЛЬ шет елдік турист
Бұл тағылымды шара Жеңіс рухын ұлықтап, елдік пен ерліктің ұрпақ жадында жаңғыра беретінін тағы бір мәрте көрсетті. Кеш барысында патриоттық әндер шырқалып, мерекелік жиын дала асханасымен түйінделді.
Дереккөз: ULYTAU TV YouTube


