Жаңалықтар

ҰЛЫСТЫҢ ҰЛЫ КҮНІ - ҰЛЫТАУДА

ҰЛЫСТЫҢ ҰЛЫ КҮНІ - ҰЛЫТАУДА

Ұлыстың Ұлы күні – Ұлытаудың төрінде! Он күнге белгіленген Наурызнама тұжырымдасының басты мерекелік шарасы бүгін - бұқаралық сипатта ұйымдастырылды. Түбі бір Түркі халқына ортақ мейрам жылдағы дәстүрден жаңылмай биыл да жоғары деңгейде аталып өтілді. Кеңірек әріптестеріміздің бейнематериалдарында...

Иә, биылғы жыл басының жаңалығы көп! Жуырда ғана Жаңа Конституцияны қабылдаған жұртшылықтың жаңа жылдан күтер жақсылығы көп. Ұлытаулықтарды Ұлыстың Ұлы мейрамымен – облыс әкімі Дастан Рыспеков арнайы құттықтады.

Орталық алаңға жиналған халықта есеп жоқ. Күн мен түннің теңеліп, жуанның жіңішкеріп, жіңішкенің үзілер шағында мұнда жиналған жұртшылықтың тілегі бір...

Облыс тұрғындары мен қонақтарына Ибрагим Ескендір, Нұржан Керменбаев, «Илигай» тобы бастаған өнерпаздар әннен шашу шашып, ақжарма лебіздерін білдірді.

Дереккөз: ULYTAU TV YouTube

Тақырыпқа қатысты