Жаңалықтар

ULYTAU AQPARAT Күндізгі жаңалықтар 21.12.22

1. Бүгін өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шаралары, зейнетақы жүйесі және мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры туралы айтылды.

2. Кәсіпқорған кәсіподағы Жезқазған қалалық филиалы Қазақмыс корпорациясы еңбеккерлерінің балаларына арнап жаңа жылдық шырша ұйымдастырды.
3. Халық достығы мен мәдениеті үйінде облыстық заманауи Фэст Дэнс хореография фестивалі өткізілді. Облыстық деңгейде ұйымдастырылған би додасы жайында әріптесім әрі қарай тарқатады.
4. Ұлытау облысының тұрғындары белгілі исламтанушы ғалым Арман Қуанышбаевпен кездесу өткізіп, тағылымды уағызына қанықты.
5. Ұлытау облысына жасаған жұмыс сапары шеңберінде Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният халықпен кездесіп, саланы дамытудың басым бағыттары туралы айтып берді. Облыс орталығында өткен жүздесу жайында толығырақ келесі бейнесюжетте.
6. Жезқазған қалалық ардагерлер кеңесі жанындағы Аналар кеңесі мен Жезқазған бизнес және көлік колледжінің бірлесе қолға алуымен Мен қазақтың қызымын атты ойталқы форматында іс-шара өтті.

Дереккөз: ULYTAU TV YouTube

Тақырыпқа қатысты