ULYTAU AQPARAT Күндізгі жаңалықтар 29.12.22
1.Жезқазған қаласында жаңа халыққа қызмет көрсету орталығы ашылды. Ол 9-орамдағы Абай көшесі, 9 А мекенжайында орналасқан. Бұрынғы Момышұлы 9 мекен-жайында тұрғындарды қабылдаған орталық енді тек көлік рәсімдеу, жүргізуші куәлігін беру жұмыстарын жүргізетін болады. Одан бөлек…

1.Жезқазған қаласында жаңа халыққа қызмет көрсету орталығы ашылды. Ол 9-орамдағы Абай көшесі, 9 А мекенжайында орналасқан. Бұрынғы Момышұлы 9 мекен-жайында тұрғындарды қабылдаған орталық енді тек көлік рәсімдеу, жүргізуші куәлігін беру жұмыстарын жүргізетін болады. Одан бөлек барлық цифрлы қызметтерді 9-орамдағы ғимараттан алуға болады. Су жаңа орталықтың ішіменҰлытау облысы әкімінің орынбасары Ғалымжан Құсманғали және департамент басшылары танысты.
2. Мемлекет шетелдік есептегі көліктерді заңдастыруға мүмкіндік берді. Экологиялық және Салық кодексіне түзету әзірленген. Заңдастыруға жататын көлік үшін бастапқы тіркеу құны – 200 000 теңге. 2022 жылдың 1 қыркүйегіне дейін ел аумағына кіргізілген шетелдік автокөліктерді есепке қоюға қатысты өтінімдер мамандандырылған ХҚО-ларда және «Электронды үкімет» порталында қабылданады.
3. Мемлекет басшысының Жарлығына сәйкес мемлекеттік органдардың басшылары халықпен кездесулер өткізуде. Осы мақсатта ҚР экология,геология және табиғи ресурстар министрлігінің экологиялық реттеу және бақылау комитетінің төрағасы Зұлфұхар Жолдасов Ұлытау облысы тұрғындарымен кездесіп, сұрақтарына жауап берді.
4.Бүгін Ұлытау облысы әкімінің жастар кәсіпкерлігін дамыту және қолдау бойынша гранты жеңімпаздарын салтанатты түрде марапаттау рәсімі өтті. Толығырақ келесі бейнесюжетте.
5.Ұлытау ауданы өтіп бара жатқан жылдың оң жетістіктермен қорытындылады. Әр салада көсбасшылық көрсете білген жыл үздіктері аудан орталығында өткен мерекелік кеште салтанатты түрде марапатталды.
Дереккөз: ULYTAU TV YouTube


