Жаңалықтар

ULYTAU AQPARAT Қорытынды жаңалықтар 01.02.23

Ұлытау облысында алғаш рет жас мемлекеттік қызметшілер мектебі оқу маусымын ашты. Биыл 12 жас азамат өтініш білдіріп, іріктеу кезеңінен өткен. Оқуға қабылданғандардың арасында құқықтану, әлеуметтану, қаржы және экономика мамандықтарында оқитын студенттер бар. Оқу мен…

ULYTAU AQPARAT Қорытынды жаңалықтар 01.02.23

Ұлытау облысында алғаш рет жас мемлекеттік қызметшілер мектебі оқу маусымын ашты. Биыл 12 жас азамат өтініш білдіріп, іріктеу кезеңінен өткен. Оқуға қабылданғандардың арасында құқықтану, әлеуметтану, қаржы және экономика мамандықтарында оқитын студенттер бар. Оқу мен тағылымдамадан тұратын бағдарлама 3 айға созылады. Осы мерзім ішінде әрбір қатысушы білікті мамандардан дәріс алады.
2. Ұлытау облысы әкімінің орынбасары Ғалымжан Құсманғалидың төрағалығымен 2022 жылғы жұмыс қорытындылары және 2023 жылға арналған Әлеуметтік және еңбек саласындағы міндеттер бойынша кеңейтілген алқа отырысы өтті.
3.Бүгінгі таңда елімізде-бұқаралық спортты дамыту және насихаттау жұмыстары жүйелі түрде қолға алынған. Біздің өңірде де бұл бағытта тер төгіп жүрген жандар жетерлік.
4.Халық достығы мен Мәдениет үйінде Жезқазған қаласын дамытудың кешенді жоспарын талқылауға арналған алқалы жиын өтті.

Дереккөз: ULYTAU TV YouTube

Тақырыпқа қатысты