Жаңалықтар

ULYTAU AQPARAT Қорытынды жаңалықтар 09.03.23

1.Жезқазған қалалық Білім бөлімі мен білім қызметкерлерінің кәсіподағы ұйымы – «8 наурыз Халықаралық әйелдер күні» мейрамында ардагер ұстаздарды арнайы құттықтап, құрмет көрсетті. Жылдағы дәстүрден жаңылмай жасалған мерекелік тарту жайында толығырақ тілшіміз тарқатады...

2.Көктемнің алғашқы лебімен бірге келетін ерекше мерекенің бірі -8 наурыз. Бұл-әлемдегі ең асыл жандардың ең жарқын мерекесі. Мерекеге орай Ұлытау аудандық мәдениет үйінде "Ана деген тіршіліктің тірегі» атты салттанатты жиын ұйымдастырылды.

3.Шұғылалы мерекеде Ұлытау ауданының әкімі бастаған топ еңбек ардагерлерінің шаңырақтарына барып, сый-сыяпат жасады. Сондай-ақ аудан әкімдігінің ұйымдастыруымен аудандық білім бөлімінің ғимаратында еңбек ардагерлері, әр салада еңбек етіп жүрген нәзікжандыларға арналған мерекелік жиын өтті.

4.Қазыналы Қаражал өңірінде кәсіпкерлікті қолдау және дамыту бағдарламалары жүйелі түрде жүзеге асырылуда. Аталған шаһарға қарасты Жәйрем кентінің өзінде кейінгі жылдары бірнеше шағын және орта бизнес нысандары ашылып, халықтың сұранысына сай қызмет атқаруда. Кеңірек келесі бейнематериалда...

Дереккөз: ULYTAU TV YouTube

Тақырыпқа қатысты