Жаңалықтар

ULYTAU AQPARAT Қорытынды жаңалықтар 10.02.23

1. Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары Алтай Көлгінов бастаған үкімет делегациясы Жезқазған жоғары политехникалық колледжіне барды.

ULYTAU AQPARAT Қорытынды жаңалықтар 10.02.23

1. Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары Алтай Көлгінов бастаған үкімет делегациясы Жезқазған жоғары политехникалық колледжіне барды.
2. Алдағы көктем Жаңа Қазақстан үшін маңызды саяси оқиғамен басталмақ. Наурыз айының 19 жұлдызында елімізде мәжіліс және барлық деңгейдегі мәслихат сайлаулары өтеді. Саяси науқанға біздің өңір де қызу дайындық үстінде.
3. Жаңаарқа ауданында жастар кәсіпкерлігі жақсы жолға қойылған. Аудан орталығында жыл сайын Жаңаарқа ауданы әкімінің жас кәсіпкерлерді қолдауға арналған дәстүрлі гранттары табыс етіледі. Жазиралы далаға арнайы барған тілшіміз әрі қарай тарқатады.
4. 9 шы ақпан қазақ поэзиясының дара шыңы, ақын Мұқағали Мақатаевтың туған күні. Алаш әдебиетінің қайталанбас құбылысына баланған мұзбалақтың туған күнінде Ұлытау облыстық әмбебап кітапханасында Мұқағалимен сырласу атты рухани кеш өтті.

Дереккөз: ULYTAU TV YouTube

Тақырыпқа қатысты