ULYTAU AQPARAT Қорытынды жаңалықтар 10.03.23
1.19 наурызда сайлаушыларға 5 бюллетень беріледі. Тұрғындар шатаспас үшін бюллетендердің түсі әртүрлі болады. Жалпы, сайлау кезінде дауыс берушілер қандай талаптарды білуі керек? Бұл туралы Орталық сайлау комиссиясының өкілдері облыс орталығында өткен көшпелі семинарда айтты.

2.Елдің болашағына қарапайым халық тікелей араласа бастады. Бұған былтыр өткен рефрендум айқын дәлел. Тұрғындар пікірі осылай. Алда келе жатқан Мәжіліс сайлауынан да ел жұрттың күтері мол.Оның ішінде, әлеуметтік мәселелер оң шешімін табатынына сенімді.
3.Биыл Ұлытауда тек облыстық маңызға ие жолдарды жаңғыртуға 4 млрд 600 млн теңге бөлініп отыр. Оның тең жарымы ұлттық қордан қарастырылған. Бөлінген қаржы былтырғы жылмен салыстырғанда, 3 есе көп. Қазір мемлекеттік сатып алу байқаулары өтіп жатыр. Күн жылына төрт бағыт бойынша ең тозығы жеткен облыстық жолдарды жөндеу жұмыстары басталады.
4.Бүгін облыстық полиция департаменті, прокуратура, қоғам белсенділері, БАҚ өкілдері және қаламыздағы екінші деңгейлі банктердің басшылары бас қосты. Бас қосудағы басты мақсат- облысымызда интернет алаяқтық қылмысының алдын алу.
5. Облыс аумағында 29 су тасқыны қауіпі бар елді-мекен анықталған. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Ұлытау облысы төтенше жағдайлар департаменті төтенше жағдайларды алдын алу бөлімінің бастығы Әлібек Абилов баяндады.
Дереккөз: ULYTAU TV YouTube