ULYTAU AQPARAT Қорытынды жаңалықтар 13.03.23
«Мәжіліс және мәслихат депутаттарының сайлауы мемлекетімізге жаңа леп әкеледі». Алда келе жатқан саяси науқанға қатысты халықтың пікірі осындай. Тұрғындар халықтың қамын ойлайтын жарқын тұлғаларды, соның ішінде жас буынды көргісі келеді. Болашақ депутаттар ел ішіндегі түйткілді…

«Мәжіліс және мәслихат депутаттарының сайлауы мемлекетімізге жаңа леп әкеледі». Алда келе жатқан саяси науқанға қатысты халықтың пікірі осындай. Тұрғындар халықтың қамын ойлайтын жарқын тұлғаларды, соның ішінде жас буынды көргісі келеді. Болашақ депутаттар ел ішіндегі түйткілді мәселелерді көтеріп, оң шешімін табуға атсалысады деп сенеді.
Облыста ерекше қажеттілігі бар балаларға тәлім беретін педагог мамандардың тапшылығы өткір тұр. Әсіресе, педагог-психолог, логопед, дефектолог аз. Тұтастай бір облыста бірде-бір сурдопедагог жоқ. Соның салдарынан ата-аналар балаларын емдеу-түзеу кабинеттеріне беру үшін ұзынсонар кезек күтуге мәжбүр.
Ұлытау облысында жасанды жолмен бала табуға ниет білдірген әйелдердің қатары көбейген. Мамандар бұның әртүрлі себебі бар деп отыр. Биыл аймаққа мемлекет тарапынан 111 квота бөлінді. Бұл кезекте тұрған әйелдердің 70 пайызы ана болу бақытына қол жеткізу мүмкіндігіне ие болды дегенді білдіреді.
Қаражал қаласында дәстүрлі «Ару ғұмыр» байқауының қорытынды кеші өтті. Әйел-аналарға құрмет көрсету және қоғамдағы белсенділіктерін арттыру мақсатында қолға алынған ерекше жоба жайында толығырақ келесі бейнесюжетте...
Дереккөз: ULYTAU TV YouTube


