ULYTAU AQPARAT Қорытынды жаңалықтар 14.02.23
1. Қазақстан Республикасы Президентінің 2021 жылдың 26 қаңтардағы «Мамандандырылған әкімшілік соттар туралы» Жарлығына сәйкесҰлытау облысының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік соты құрылған болатын. Ал,1-шілдеден бастап жаңа әкімшілік соттар жұмысын бастады. Оның миссиясы…

1. Қазақстан Республикасы Президентінің 2021 жылдың 26 қаңтардағы «Мамандандырылған әкімшілік соттар туралы» Жарлығына сәйкесҰлытау облысының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік соты құрылған болатын. Ал,1-шілдеден бастап жаңа әкімшілік соттар жұмысын бастады. Оның миссиясы қандай? Қандай жұмыстар атқарады?Тілші тарқатады..
2. Президент Қасым Жомарт Тоқаев Әділетті Мемлекет,Біртұтас Ұлт,Берекелі Қоғам атты Қазақстан халқына жасаған дәстүрлі Жолдауында бізге сапалық тұрғыдан жаңа мемлекеттік басқарушылар керек екендігін атап өтті. Мемлекеттік қызметшілерді іріктеу және жұмыстан босату жүйесін заман талабын ескере отырып, қайта жасау қажеттілігі уақыт талабы.
3. Жезқазған қаласында су жаңа Олд Скул атты бокс клубы ашылды. Ашылу салтанатында жасөспірімдер арасында турнир ұйымдастырылды. Жарысқа Ұлытау мен Талап және Сәтбаев, Жезқазған қалаларынан жас өрендер қатысты.
4. Ертең кеңес әскерінің Ауғанстан аумағынан шығарылғанына тура 34 жыл болады. Осынау атаулы күнге орай қаламыздағы Интернационалист жауынгерлерге арналған еңселі ескерткіш алдында митинг өтті. Толығырақ келесі бейнесюжетте.
Дереккөз: ULYTAU TV YouTube


